«Самұрық-Қазына» қолдауымен ерекше балаларға арналған 4 орталық ашылды
815
01 Маусым 2023
Бүгін Балаларды қорғау күніне орай, Атырау, Талдықорған және Өскемен қалаларында ерте араласу орталықтары ашылды. Оларда дамуында ақауы бар 3 жасқа дейінгі балаларға диагноз қойылып, емдеу-оңалту шаралары жасалады. Сонымен қатар, Талдықорған мен Өскеменде аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Оңалту орталықтары жұмыс істеуде.

Соңғы үш жылда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы елімізде 15 оңалту және алты ерте араласу орталығын ашты. Олардың барлығы Samruk-Kazyna Trust бірыңғай қайырымдылық қоры арқылы қаржыландырылады.

Бүгінгі Өскемендегі орталықтың ашылу рәсіміне «Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты. Қор басшысы өңірде «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған екі оңалту орталығы жұмыс істеп жатқанын еске салды. «Біз қай өңірде жұмыс істесек, сол аймаққа қол ұшын созамыз! Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз», – деп жазды Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Энергетиктер күніне орай сала мамандары марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
Қарағандыдағы жаңа орталық аутизмі бар балалардың бейімделуі мен дамуы...
{{ $t('messages.news1') }}
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына енді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ре...