«Самұрық-Қазына» тобы мен CNPC қытай корпорациясы Қазақстанның мұнай-газ саласын бірге дамытатын болады
600
07 Маусым 2023
Бүгін Астанада Қор тобы компанияларының басшылығы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) арасындағы кездесуде тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстан тарапынан келіссөздерді Қор басшысы Нұрлан Жақыпов, Қытай тарапынан - CNPC президенті Хоу Чицзюнь басқарды.
Олар өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелерін талқылап, болашаққа жаңа уағдаластықтарға қол жеткізді. Мысалы, «ҚазМұнайГаз» бен «CNPC» корпорациясы «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырларының өткізу қабілетін реверс режимінде жылына 6 млн тоннаға, сондай-ақ «Кеңқияқ-Құмкөл» магистралін жылына 5 млн тоннаға бірлесіп кеңейтуді жоспарлап отыр. Тараптар алдын ала зерттеулер жүргізуге келісті.
Сондай-ақ Шымкент МӨЗ өндірісін жылына 6 млн тоннаға ұлғайту жоспарда бар. Тараптар ресурстық базаға, өткізу нарығына және бизнес-модельге талдау жүргізуге келісті.
Өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метр болатын «Бейнеу - Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін салуға CNPC қатысуы да талқыланды. QazaqGaz бен CNPC бірлескен жұмыс тобын құру, сондай-ақ 31 желтоқсанға дейін ТЭН әзірлеу және жобаны қаржыландырудың алдын ала көздерін анықтау туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, бірлескен жоспарларда - қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр газ Қашағанға МӨЗ салу. Бұл мәселемен QazaqGaz бен CNPC бірлескен жұмыс тобы да айналысады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-да отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстарды...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Атамекен» ҰКП Президиумының т...
{{ $t('messages.news1') }}
Топ бойынша ОТӨ-ні қолдау: сатып алу көлемі бойынша жетекші компанияла...
{{ $t('messages.news1') }}
2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі 7 ...