Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру жөніндегі жобаны қаржыландыру
389
06 Маусым 2023
Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ электрэнергетикалық холдингінің құрылымына кіретін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Алматы электр станциялары» АҚ компаниялары арасында кредит желісін ашу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру жобасы аясында қол қойылды. Қаржыландыру «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік кепілдігімен жүзеге асырылатын болады. Бұл кредит шарттарын жақсартуға ықпал етеді.
«Қазақстанның Даму Банкі» жобаны қаржыландыруға қатысатын үш банктің бірі екендігін айта кету керек. Бұған дейін жаңа газ станциясын салуға Еуропалық қайта құру және даму банкі кредит берген болатын. Жақын арада Азия даму банкімен осындай шарт жасалмақ.
Бөлінген қаражат Алматыда Жақұтов атындағы № 2 ЖЭО-ны жаңғыртуға жұмсалады. Жаңа газ станциясы бүгінгі таңда негізгі отын ретінде көмір, ал іске қосу - мазут қолданылатын жұмыс істеп тұрған алаңда салынатын болады. Атмосфераға күкірт диоксиді мен күл (шаң) шығарындылары толығымен жойылады, ал көмірқышқыл газы (СО2) бір жарым есе азаяды.
Басқаша айтқанда, бұл зиянды шығарындылар көлемін азайтып қана қоймай, Алматыдағы ауаның сапасын жақсартып, ЖЭО қуатын: электр - 600 МВт-ға дейін, жылу - 957 Гкал/сағ-қа дейін арттырады. Станцияға газ турбиналық блоктардың корпусы мен су жылыту қазандығы кіреді. Оны 2026 жылы желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үс...
{{ $t('messages.news1') }}
Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық ...