«Самұрық-Қазына» Катардың іскер ортасымен кездесу өткізді
581
09 Маусым 2023
Катар Әмірінің Астана халықаралық форумына сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ KazakhInvest және ҚР-ның Катардағы Елшілігімен бірлесіп, Қазақстан-Катар бизнес-кездесуін өткізді. Іс-шараға екі жақтың да экономикалық байланыстарды нығайтуға бейілділігін растайтын мемлекеттік органдар мен іскер топтардың басшы өкілдері жиналды. Катар делегациясын Катар Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы шейх Халифа әл-Тани басқарды, Катар іскерлік қауымдастығы, Катар қаржы орталығы, ірі жеке бизнес басшылары қоса келді. Қазақстандық тараптан Қордың, портфельдік компаниялардың, KazakhInvest, Сыртқы сауда палатасының, «Бәйтерек» ҰБХ, KIDF және жеке компаниялардың басшылары болды.
Іс-шараны бастаған Н. Жақыпов Катардың Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп, Қазақстан-Катар іскерлік кеңесіне табысты төрағалық еткенін атап өтті, сондай-ақ әріптестікті одан әрі дамытудың маңыздылығынатоқталды.
Кездесу барысында Катарлық компанияларға «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы шеңберінде инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды, дәстүрлі және «жасыл» энергетиканы қоса алғанда, өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айтылды. Екі елдің бизнесі арасындағы белсенді диалог шеңберінде нақты жобалар бойынша келіссөздерді жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Кездесу аясында Жамбыл облысының инвестициялық тартымдылығының презентациясы таныстырылды.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті, оның ішінде «KazakhInvest» ҰК» АҚ мен Investment Promotion Agency of Qatar арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум, KazakhInvest және Qatari Businessmen Assosiation Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум, «Бәйтерек» ҰБХ, СІСС, Power International Holding арасында сүт өндіру саласында бірлескен инвестициялық қорлар құру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандум, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Elegancia Health Care арасында Астана қаласында медициналық хаб салу жөніндегі жобаны іске асырудың Негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үс...
{{ $t('messages.news1') }}
Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық ...