Cамұрық-Қазына және China Power International Holding жэс салады
652
09 Маусым 2023
Астана халықаралық форумы аясында Қор басшылығының, ҚР Энергетика министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігінің және China Power International Holding компаниясының бірлескен кездесуі өтті.
Тараптар Жамбыл облысында электр энергиясын жинақтайтынжүйесі бар, қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыруға қатысады.
Мемлекет басшысының Сиань қаласына сапары барысында 2023 жылғы мамырда Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру үшін бүгінгі таңда негізгі іс-шараларды, жауапты тараптарды және орындау мерзімдерін көрсете отырып, Іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қабылданды.
Анықтама үшін: China Power International Holding – 2004 жылы Гонконгта құрылған State Power Investment Corporation-ның еншілес кәсіпорны. Компания Қытайдағы 5 ірі энергия өндіруші компаниялардың қатарына кіреді. Компанияның негізгі қызметі – ҚХР-дағы ірі электр желілерін әзірлеу, салу, пайдалану және басқару. 2022 жылғы жағдай бойынша топтың жалпы белгіленген қуаты 32 140 МВт-ты құрады, оның ішінде ЖЭК - 16 024 МВт.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үс...
{{ $t('messages.news1') }}
Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық ...