«Самұрық-Қазына» АҚ шағын бизнес үшін сатып алу тәртібін жеңілдетті

«Самұрық-Қазына» АҚ шағын бизнес үшін сатып алу тәртібін жеңілдетті

888

13 Маусым 2023

Енді Қазақстанның әрбір кәсіпкері өз тауарларын «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компанияларына 2 күнде лицензиясыз және техникалық ерекшеліксіз SKstore.kz. электрондық дүкен арқылы сата алады. Бұл шағынжәне орта бизнес үшін тауарларды сатудың ыңғайлы алаңы, сондай-ақ холдинг компаниялары үшін тауарларды сатып алудың ашық әрі жылдамқұралы. Стандартты сатып алудан (zakup.sk.kz порталынан) бастыайырмашылығы – процесті жеделдететін лицензиялар мен техникалық ерекшеліктердің болмауы. Басқалардан артықшылығы:

photo_2023-06-13_09-46-37.jpg


● тегін онлайн-тіркеу;
● кез келген тауарды орналастыру мүмкіндігі;
● лицензиялар мен ерекшеліктердің болмауы;
● кеңседен немесе үйден шықпай-ақ тауарды қашықтан сату;
● мәмілені тез келісу және тапсырыс берушімен 2 күн ішінде шарт жасасу (тапсырыс беруші үшін 1 күн, өнім беруші үшін 1 күн);
● тек нақты сатқаны үшін ең төменгі комиссияны алу;
● тапсырыстарды келісу барысын, статистиканы және талдауды бақылау мүмкіндігі.

skstore.kz электрондық дүкенінде табысты жұмыс істеу үшін әлеуеттіөнім беруші ЭЦҚ-ның көмегімен көпшілік офертаға қол қою арқылы қарапайым тіркеуден өтуі қажет.

image_0001_Background.jpg


Әр портфельдік компания үшін жыл сайын 32 санат бойынша бір тауар түрі үшін 8 млн теңгеге дейін сатуға болады. Әр санатта өз кезегіндебірқатар тауарлар бар. Бұл барлығы 11 мың тауар, жұмыс және қызмет. Олардың тізімімен skstore.kz. сайтында танысуға болады. Сондай-ақ Қордың компаниялары «Ерекше тәртіп» аясында жыл сайын 100 АЕК-ке дейін (345 000 теңге) кез келген санат бойынша сатып ала алады.