"Самұрык-Қазына" және ACWA Power ЖЭС салады
718
12 Маусым 2023
Астана халықаралық форумы аясында Самұрық-Қазына, ҚР Энергетика министрлігі, Жетісу облысы әкімдігі және ACWA power компаниясының басшылығы Жоңғар қақпасы ауданында электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелерін талқылау үшін бас қосты.
Тараптар ЖЭС жобасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шараларды, жауапты іс-шараларды және мерзімдерді айқындайтын Күнтізбелік іс-шаралар жоспарына (жол картасына) қол қойды.
Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылы Джедда қаласына барғансапары мен биыл Сауд Арабиясында қол қойылған Қағидаттар туралы келісімнің шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы.
Анықтама: ACWA Power жаңартылатын энергия көздері, атап айтқанда, электр энергиясы мен тұщыландырылған су өндірісі бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.
Компанияның энергетикалық портфеліне 12 елдегі 77 актив кіреді. Жобалардың жиынтық қуаты 50,4 ГВт электр энергиясынан асады, ал компанияның жобаларға инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 78,2 млрд АҚШД-ны құрайды.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкіле...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Wabtec компаниясының президенті әрі бас атқ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Air Liquide компаниялары тобын...