«Самұрық-Қазына» Қазақстан Үкіметіне аударылатын төлемдерді екі есеге арттырды
735
22 Маусым 2023
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Назира Нұрбаева Қордың 2022 жылғы қаржылық есебіне арналған брифингте мәлімдеді.
Тұрақты өсу қарқыны
2022 жылы «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары пандемия салдарын еңсеріп, өсу қарқынын арттырды. Оған Қордың өндіріс саласындағы көрсеткіштерінің артуы дәлел болады. Былтырғы қорытынды бойынша «Самұрық-Қазына» кірісі 14 785 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Таза пайда рекордтық 1 922 млрд теңге болып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті – қарыз / EBITDA 1,7-ге дейін жақсарды.
Өткен жылы «Самұрық-Қазына» портфель компаниялардан 493 млрд теңге дивиденд алды. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп. Оның нәтижесінде Қазақстан Үкіметінің пайдасына 302 млрд теңгеге дейін ұлғайған төлемдер аударылды. Көрсетілген сома дивидендтерді төлеуді де, акционердің атынан Қор жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсалған қаражатты да қамтитынын атап өту маңызды. 2023 жылы Қор Үкіметке төленетін дивиденд көлемін ұлғайтуды, сондай-ақ «Қазақстан Халқына» қорына қаражат бөлуді және активтерді жекешелендіруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорына аударуды жоспарлап отыр. Бұл шамамен 481 млрд теңге болады.
Журналистердің сұрақтары
Баспасөз брифингі БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Журналистер Назира Нұрбаевадан Қордың жалғыз акционерге төленетін дивиденді туралы сұрады.
«Бұл норма мемлекеттік органдардың басқаруындағы компанияларға қатысты. Осы ретте Қордың акциялары жекелеген мемлекеттік органдардың басқаруына берілмеген. Қордың тікелей әрі жалғыз акционері - ҚР Үкіметі. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР Үкіметі жаңартылған дивиденд саясатын бекітті. 2022 жылғы дивиденд нормаларының орындалуы 124 пайызға жетті», - деді ол.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...