«Самұрық-Қазына» АҚ-да Қор тобы бойынша 2023 жылғы өндіріс қауіпсіздігі талқыланды
899
26 Маусым 2023
Бүгін «Самұрық-Қазына» қорында осы жылдың бес айының нәтижелері бойынша Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырысы өтті.
Отырыс Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың төрағалығымен өтті, оғанпортфельдік компаниялардың бірінші басшылары қатысты. Олар еңбек қауіпсіздігінің қазіргі деңгейі және жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Қор басшылығы үш бағыт: адамдар, жабдықтың сенімділігі және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы деректерді тыңдады.
«Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті бірден қалыптаспайды, ол уақыт пен күш-жігерді қажет етеді. 5-7 жыл бұрын қаржыландырудың жеткіліксіздігі, жергілікті жерлердегі адамдардың жетіспеушілігі, басшылық тарапынан қолдаудың болмауы сияқты жағдайларды айтуға болады. Бүгінгі таңда біз портфельдік компанияларға кәсіпорындарымызда қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін көп құралдарды береміз», - деді Нұрлан Жақыпов.
«Қазіргі міндеттеріңіз - қауіпсіздік мәдениетінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, ішкі наным бойынша жұмысшылардың қажетті нормаларды ұстануы. Олар үшін өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол берілмеуі тиіс. Бұл мәселеде мен Сіздерге қолдау көрсетемін», - деп қосты Қор басшысы.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...