NCOC компаниясы мен САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА қоры Қашағанды дамыту жоспарларын талқылады
1197
29 Маусым 2023
Бүгін «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы «North CaspianOperating Company» компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазармен кездесті.
Тараптар кәсіпорындағы жұмыстың қазіргі жағдайын және Солтүстік Каспий жобасының болашақ өсу кезеңдерін талқылады.
NCOC компаниясы Қашаған кен орнында мұнай өндіруді одан әрі ұлғайту үшін жобаларды іске асыруда.
Қазіргі уақытта Қашаған газын өңдеу үшін «QazaqGaz» ҰК» АҚ қуаты жылына 1 млрд. м3 газ өңдейтін зауыттың құрылысын іске асыруда, бұл ГӨЗ-де шикі газды қайта өңдеу есебінен кен орнында мұнай өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ мұнай өндіру мен газды қайта өңдеуді ұлғайту мақсатында жобаларды іске асырудың әртүрлі нұсқалары талқыланды.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...