«Самұрық-Қазына» балаларға арналған қауіпсіздік туралы мастер-класс өткізді
1847
30 Маусым 2023
Екі күндік курс 29-30 маусымда Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығы аясында өтті. Оқыту «Kidburg» балалар ойын-сауық орталығы базасында «Қазақтелеком»АҚ көмегімен өтті. Қауіпсіздік бойынша мастер-класстар Қор компаниялары тобы жұмыскерлерінің балалары үшін ұйымдастырылған. 50 балаға жол қозғалысының негізгі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, бөгде адамдардан қорғауды және интернетті қауіпсіз пайдалануды қоса алғанда, қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілерімен танысуға мүмкіндік берілді.

«Оқытудың барлық материалдары мен әдістемелері балаларды барынша тарту және оларға маңызды ақпаратты есте сақтауға көмектесу үшін қолжетімді және интерактивті түрде ұсынылған. Оқу барысында олар іс жүзінде алғашқы медициналық көмек пен полиция қызметкерлерінің рөлдерін сынап көрді. Іс-шаралардың осындай нысаны біздің балаларымызға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге және ата-аналарды осы процеске барынша қосуға мүмкіндік береді»,- деді Ауғанов Гибрат Қайратұлы, Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор.

Қор балаларға әртүрлі жағдайларда қауіпсіздікті сақтауға көмектесетін білім мен дағдыларды беру үшін осындай іс-шараларды өткізуді жалғастырады. Келесі мастер-класс 4 шілдеде «Эйр Астана» АҚ-ның ангар базасында өтеді.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...