«Самұрық-Қазына» басшысы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытын мерейтойымен құттықтады

«Самұрық-Қазына» басшысы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытын мерейтойымен құттықтады

849

14 Шілде 2023

Бүгін «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытының 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, оған «Самұрық-Қазына»АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов қатысты.

Қор басшысы зауыттың жоғары өндірістік көрсеткіштерін атап өтіп,аффинаж өндірісінің қалдықтарынан бағалы металдар алудың маңыздылығына тоқталды.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1)_0000_photo1689245251 (12).jpg


«Мұнда шығарылған тазартылған алтын елдің Ұлттық Банкіне жеткізіледі. 10 жыл ішінде 261 тоннадан астам алтын жеткізілді. «Тау-Кен Алтын» өз өнімдерінің жоғары сапасын растап, сенімді жеткізуші ретінде әлемге танымал болды. 2019 жылдың қыркүйегінде зауыт Лондондағы бағалы металдар нарығы қауымдастығынан Good Delivery сертификатын алды. Жылдан жылға жаңа өндірістік биіктерге жетіп келе жатқан тәжірибелі әрі ұйымшыл ұжымның арқасында осы жетістіктердің барлығына қол жеткізілді», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов

«Тау-Кен Алтын» зауытында қолданылатын аффинаж технологиясы ТМД-да бірегей және әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады. Басқару жүйесі халықаралық стандарттарға толықтайсәйкес келеді. 10 жылдық мерейтойы қарсаңында зауыт ISO 9001:2015 (сапа менеджменті), ISO 14001:2015 (экологиялық аспектілер) және ISO 45001:2018 (денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі) сертификаттарын алды