«Самұрық-Қазына» қорының басшысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Ахуалдық орталығына барды
1386
17 Шілде 2023
«Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ахуалдық орталығына барып, мониторингтің қазіргі жағдайымен орталық жұмысының негізгі көрсеткіштерімен танысты. Н. Жақыпов ұлттық теміржол желісін басқару сияқты күрделі процестің тиімділігін арттырудағы бұл құрылымның рөлінің маңыздылығын атап өтті.
«Ахуалдық орталықтың жұмысы тасымалдарды басқару тиімділігінің деңгейіне және диспетчерлердің жұмысына, әсіресе, қазір ыстық жазғы демалыс маусымында тікелей әсер етеді. Ол теміржолға техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жүргізу маусымына да әсер етеді. Ахуалдық орталық болмаса, нақты уақыт режимінде жолаушыларды тасымалдау және жүктерді жеткізу мерзімдерін қамтамасыз ету өте қиын болар еді. Кез келген дағдарыстық жағдайларға бүгінгі таңда талап етілетін жылдамдықпен және көлік желілерін басқарудың заманауи стандарттарымен жедел әрекет ету мүмкін болмас еді», - деп атап өтті Қор басшысы.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Ахуалдық орталығы Жүк тасымалы, ЦТС және басқа да құрылымдық бөлімшелер басшылығының, сондай-ақ ЕТҰ-ның қатысуымен күнделікті жедел штабтар өткізеді. Осы кездесулер аясында жедел режимде тасымалдау процесін басқару бойынша нақты шешімдер қабылданады.
Анықтама үшін: Ахуалдық орталық «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау орталығының негізінде құрылды және тасымалдарды бақылау және басқару саласында өз функцияларын белсенді орындауды жалғастыруда.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үс...
{{ $t('messages.news1') }}
Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық ...