«Самұрық-Қазына» қоры және ҚМГ Жетібай кен орнында апатқа қарсы шаралар қолдану бойынша оқу-жаттығулар өткізді
1012
19 Шілде 2023
Қор және портфельдік компаниялар өндірістік қауіпсіздікті жүйелі түрде жетілдіру шеңберінде, өндірістегі ықтимал төтенше жағдайларға шара қолдануға дайындықты тексеру мақсатында үнемі жаттығу сабақтарын өткізеді.
Бүгін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Жетібай кен орнында «Жетібаймұнайгаз» ӨУ арнайы жабдықталған оқу полигонында «Өртенген ұңғымада ашық бұрқақты жою және зардап шегушіні тік болат резервуардан құтқару» тақырыбында апатқа қарсы жаттығу өткізілді.
Оқу сабақтарына «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС және «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Маңғыстау филиалы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері қатысты. Байқаушылар ретінде Маңғыстау облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті мен ТЖД өкілдері шақырылды.
Жаттығу барысында оқу-жаттығу апатын жою бойынша төмендегі іс-шаралар көрсетілді:
• Ұңғыманың сағалық жабдықтарының металл конструкцияларын салқындату
• Жылу шығару қарқындылығын барынша азайту үшін бұрқақ ағынына су себу
• Газдану аймағын және ұңғыма сағасының жай-күйін анықтау.
• Ұңғыманың сағалық құбырына гидравликалық құбыр қысқышты монтаждау және ұңғыма сағасына су себуді қашықтан басқару тетігі
• Кұбыр кеңістігін құбырды майыстырып жабу арқылы ұңғыманың аузын тығыздау (ашық бұрқақты жою)
• Салмақты бұрғылау ерітіндісін құбыр кеңістігіне айдау арқылы ұңғыманы бастыру
«Самұрық-Қазына» қорының басшылығы апаттардың алдын алу жаттығуының нәтижесіне оң баға берді. Бұл бағыттағы жұмыс Қор тобының кәсіпорындары өндірістегі ықтимал төтенше жағдайларға шара қолдануға әрқашан дайын болуы үшін жалғастырылатын болады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үс...
{{ $t('messages.news1') }}
Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық ...