«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Екібастұздағы кәсіпорындардың жұмысын бағалады

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Екібастұздағы кәсіпорындардың жұмысын бағалады

872

21 Шілде 2023

Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Екібастұзға жұмыс сапарымен барып, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының Екібастұз энергия кешенінің кәсіпорындарын аралады. Сапар барысында Қор басшысы алдағы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарын тексеріп, өңірдің негізгі энергетика объектілерінде инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

sk_230721_0002_Layer 2.jpg


Объекті аралауды «Богатырь» разрезінен бастады. «Богатырь Көмір»ЖШС – Қазақстанда ашық тәсілмен көмір өндіретін ірі компания. Нұрлан Жақыпов көмір берудің циклдік-ағындық технологиясын (ЦАТ) енгізу жобасының іске асырылу барысымен танысты. Компания жыл сайын Қазақстан мен Ресейдің энергия өндіруші ұйымдары үшін шамамен 42 миллион тонна көмір жеткізеді. ЦАТ жобасын ағымдағы жылдың тамыз айында жобалық қуаттылыққа кезең-кезеңімен шығарып аяқтау жоспарлануда. Бұл тұтынушыларға көмір жөнелтуді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан энергетикасының флагманы аталатын электр станция –  «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС келесі аралау объектісі болды. Ағымдағы жылдың соңында №1 энергия блогы пайдалануға берілгеннен кейін станцияның жалпы белгіленген қуаты 4000 МВт құрайтын болады. 2022 жылы станция 23 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндірді, бұл рекордтық көрсеткіш. Нұрлан Жақыпов станцияның алдағы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындығының маңыздылығын және жөндеу науқанын аяқтап, көмір қорларын уақтылы жинақтау міндетін атап өтті. Сондай-ақ, «№1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасының іске асырылу барысы атап өтілді.

sk_230721_0000_Layer 4.jpg


Басшы жұмыс сапарының соңында «Екібастұз МАЭС-2 станциясы»АҚ-ның жұмысымен танысты. Екібастұз МАЭС-2 жыл сайын шамамен 6 миллиард кВтс электр энергиясын өндіреді және Солнечный кентін жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта МАЭС-2-де 3-блок салу басым жобасын іске асыруда, жоба Қордың және ел басшылығының ерекше бақылауында.

Нұрлан Жақыпов Екібастұздағы кәсіпорындардың атқарған жұмыстарына разылығын білдіріп, «Самұрық-Қазына» тобы шеңберінде компаниялардың одан әрі дамуы мен тиімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

sk_230721_0003_Layer 1.jpg