«Қорғас» ХШЫО-да «Самұрық-Қазына» Қоры басшысының қатысуымен алғашқы көпфункционалды пошта бөлімшесі ашылды

«Қорғас» ХШЫО-да «Самұрық-Қазына» Қоры басшысының қатысуымен алғашқы көпфункционалды пошта бөлімшесі ашылды

822

28 Шілде 2023

«Самұрық-Қазына» Қорының басшысы «Қорғас» ШЫХО-да «Қазпошта» АҚ-ның алғашқы көпфункционалды бөлімшесінің ашылуына қатысты.

Бөлімшенің ресми ашылуы кезінде Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Қорғас» халықаралық орталығы сауда, экономикалық, туристік, инвестициялық орталық ретінде әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Ал көршілес мемлекет аумағында «Қазпошта» бөлімшесінің ашылуы - бұл тек қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар компанияны дамыту үшін де жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.
 
sk_2023-07-28_0002_Layer 4.jpg


Ұлттық пошта операторының алаңында клиенттер салмағы 30 кг-ға дейінгі багажды қабылдау және беру қызметін - қабылдау пунктінен «Қорғас» ШЫХО беру пунктіне дейін пайдалана алады, сондай-ақ осы жүкті бүкіл Қазақстан бойынша жеткізуді рәсімдей алады. Күн сайын шекара арқылы 3-4 мың адамға дейін өтеді. Бұл ағым сервис деңгейіне оң әсерін тигізеді, - деп сенім білдіреді «Қазпошта».
 
sk_2023-07-28_0000_Layer 6.jpg


Оның ішінде қаржылық қызметтер: бөлімшеге келушілер жергілікті жерде шоттарды, баждарды, айыппұлдарды төлей алады, валюта айырбастап, ақша аударымдарын жүргізе алады. Болжам бойынша, жалпы табыс жылына кемінде 630 млн теңге болады. «Қазпошта» филиалдық желінің санын арттырып, Қытаймен шекаралас аумақта электрондық коммерцияның ірі нарығы бола алтын алғашқы бөлімшесін ашып отыр. Енді «Қорғас» ШЫХО келушілері багажбен шекарадан өтпей-ақ, оны тапсыру және алу бойынша ыңғайлы және жылдам қызмет алатын болады. Бұл міндетті «Қазпошта» өз жауапкершілігіне алды. Сондай-ақ халықаралық пошта алмасу, сәлемдемелерді қабылдау және беру пункттерін ашуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.