«Самұрық-Қазына» Қорының басшысы KTZE Khorgos Gateway құрғақ портының 10 жаңа жолының құрылысына капсула салды
1047
28 Шілде 2023
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Алматы облысындағы KTZE Khorgos Gateway құрғақ портының қайта тиеу терминалында болып, 10 сұрыптау жолы мен вагондарды жөндеу жолының құрылысына капсула салды.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, жоба терминалдың өңдеу қуатын 1,5 есеге, яғни жылына 540-тан 800 мың контейнерге (ЖФЭ) дейін арттырады. Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның да, жалпы республиканың да транзиттік әлеуетін жақсартады. Құрғақ порт теміржол құрамдарын қалыптастыру, іріктеу, сондай-ақ оларды сақтау бойынша қызметтер көрсете алады. Сонымен қатар, бос вагондардың тапшылығын едәуір азайтуға көмектеседі. Н. Жақыпов атап өткендей, осындай қолайлы жағдайлар порттың клиенттік базасын ұлғайтуға ықпал етеді. Қытайдан Еуропаға және Орталық Азияға жүк ағыны үздіксіз ұлғайып келе жатқандықтан (жылына 20-30 пайызға), KTZE Khorgos Gateway терминалының инфрақұрылымы әрдайым модернизацияны талап етеді. «Жаңа теміржол жолдары Қазақстан арқылы одан да көп тауарларды тасымалдауға көмектеседі, ал бұл ел бюджетіне сөзсіз табыс әкеледі», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...
{{ $t('messages.news1') }}
«Ақтас Энерджи» ЖШС мен Marubeni Corporation арасында негіздемелік кел...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Өңірлік экологиялық саммит аяс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» донор күні өтті