«Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстанда алғаш рет өткізілген үстел теннисінен әлемдік жасөспірімдер сайысын қолдады

«Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстанда алғаш рет өткізілген үстел теннисінен әлемдік жасөспірімдер сайысын қолдады

902

28 Шілде 2023

​«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов үстелтеннисінен «WTT YOUTH CONTENDER ALMATY» халықаралықжасөспірімдер сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

​«Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған осы халықаралық сайысқа куәболып отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл Қазақстанда жасөспірімдермен жастар спортын дамытуға бағытталған тамаша қадам деп білемін. Жас спортшылардың әлеуеті мен олардың жеңіске деген құлшынысы біздечемпиондардың керемет буыны өсіп келе жатқанын көрсетеді», - деп атапөтті Нұрлан Жақыпов.

sk_2023-07-28_0002_Layer 7.jpg


​Бес жас санатындағы аламан дода төрт күнге созылды. Жарысқаәлемнің 13 елінен 159 спортшы қатысты.

​Қазақстандық спортшылар 2 күміс және 7 қола медаль иегері атанды. Тұғырдың екінші сатысына 11 жасқа дейінгі санатта Арайлым Қапасбек пен Дулат Ералхан көтерілді. Алан Құрманғалиев (U19), Айназ Әділгереева(U13), Орынбасар Есмахан (U13), Жәния Бекмұхаметова (U11), ӘкежанЕрланұлы (U11), Каролина Бондарь (U11), сондай-ақ 19 жасқа дейінгі санаттааралас жұп Алан Құрманғалиев/ Сарвиноз Миркадирова қола медальдарменмарапатталды.

​Бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғайқайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалардыдамыту қоры арқылы ауқымды додаға жауапты Қазақстанның Үстел теннисіфедерациясы қолдау тапты.

sk_2023-07-28_0000_Layer 9.jpg


​Мақсат – қайырымдылық жобасы аясында үстел теннисіменайналысушылар санын өсіріп, балалар-жасөспірімдер спортын дамыту. Сонымен қатар, Қор демеушілігімен 2023 жылдың аяғына дейін Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында әлеуметтік осалтоптағы балалар үшін үстел теннисінен шеберлік сыныптары қолға алынады.

Жеңімпаздардың толық тізімі  WTT сайтында орналастырылған.