«Самұрық-Қазына» қоры өндірістік қауіпсіздік бойынша ІІ форум өткізді

«Самұрық-Қазына» қоры өндірістік қауіпсіздік бойынша ІІ форум өткізді

1030

04 Тамыз 2023

2023 жылғы 4 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздік бойынша II форум өткізді. Іс-шараға Қор басшылығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ портфельдік компаниялардың бірінші басшылары қатысты.

Форум қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов: «Форум Қор тобы жұмыскерлерінің әрқайсысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық портфельдік компаниялардың ортақ күш-жігерін біріктіру үшін ұйымдастырылған», – деп атап өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғановтың айтуынша өткен жылдың соңында Қор 2023 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, ол 3 бағыт бойынша 38 нақты іс-шараны қамтиды:

1. Адамдар және қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру;

2. Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3. Төтенше жағдайлардың алдын алу.

«Портфельдік компаниялардағы өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру процесі және жарақаттану мен апаттардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру Қордың тұрақты бақылауында», –деп мәлімдеді Ғ. Ауғанов.

sk_2023-08-04_0001_Layer 1.jpg


Мемлекеттік органдардың өкілдері еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту туралы баяндама жасады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан темір жолы»  ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ «Жеті алтын ереже» портфельдік компанияларында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын енгізу туралы айтып берді.

Бұдан басқа форумда халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері еңбекті қорғау саласындағы әлемдік жетістіктер туралы деректермен бөлісті. Оның ішінде «Аджип Қарашығанақ Б.В.», «Halliburton International GmbH», «Норт Каспиан Оперейтинг компания Н.В.», «Finch Global», «Gascoyne Resources», ABRRAS Training сарапшылары да бар.