«Самұрық-Қазына» Қорының басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
621
11 Тамыз 2023
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Қор басшысы бірнеше объектілерді аралады: «Сарша» газ құбыры, «CASPI BITUM» ЖШС, «Ақтау» теңіз порты.
Нұрлан Жақыпов «Сарша» газ құбыры жарты жылға кешігіп пайдалануға берілгенін атап өтті. «Газ құбыры құрылысының кешігуі мердігердің ауысуы мен қаржыландыру мәселесіне байланысты болды. Осы қиындықтарды жеңе білгеніміз жақсы. Құны 7,5 млрд теңге болатын өңір үшін стратегиялық маңызды жоба аяқталды. Сондықтан сапарды дәл осы нысаннан бастау маңызды болды», - деді Қор басшысы. Ұзындығы 60 шақырым жер асты құбыры Ақтау маңындағы Сарша ауданы мен «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыруға мүмкіндік берді. Жоба туристік нысандарға инвестиция тартуға және өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі.
«CASPI BITUM» ЖШС-ның зауытына барған кезде Қор басшысыөңдеу қуатын 1,5 есеге – жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайта алатынқұзыретті мердігерді тарту міндетін қойды («Қаражанбасмұнай» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жылына 2,2 млн тоннаға дейін тұтқырлығыжоғары битуминозды мұнай өндіретін жалғыз компаниясы). Сонымен қатарНұрлан Жақыпов тұтынушылар тарапынан битумға уақтылы алдын ала тапсырыс жасау қажеттігін атап өтті. Қысқы айларда және сәуір айынадейін сұраныстың төмендігінен және тұтынушылар тарапынан алдын ала тапсырыстардың болмауынан зауыт толық қуатта жұмыс істемейді. Бұлретте дәстүрлі түрде жыл сайын жол-құрылыс жұмыстарының шыңындасұраныс бірнеше есе артады. Қор басшысы жол-құрылыс компанияларыменосы бағыттағы жұмысты бастауды және тоғанақталған битумды қолданудыкеңейту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
Ақтау теңіз сауда портына барған кезде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Құрық портының, Ақтау Солтүстік теңіз терминалының және «Қазтеңізкөлікфлоты» компаниясының қызметімен де танысты. «Қазіргі геосаяси жағдай қазақстанның теңіз порттарына деген қызығушылыққа әсер етті. Бұл сәтті әріптестерімізге өз жұмысымызда ескеру маңызды. Жай ғана назарға алу емес, пайдалы нәрсені алу», – деп атап өтті Нұрлан Жақыпов. Еуропалық елдер «Орта маршрутқа» немесе ТХКБ-ға (Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытына) ерекше қызығушылық танытады. Сондықтан Қазақстан өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік жағдайында жүктерді жеткізу үшін неғұрлым қауіпсіз серіктестің рөлін қамтамасыз етуі тиіс.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 жылғы тұрақты даму саласындағы есебі жари...
{{ $t('messages.news1') }}
KEGOC SPO-сы басталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қорында кадр саясаты, әлеуметтік және қайырымдылық жо...
{{ $t('messages.news1') }}
Самрук-Қазына мен ÖBB-holding ынтымақтастық перспективаларын талқылайд...