«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов Қор компаниялары тобында қызмет ететін жас мамандармен Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысты кездесу өткізді
4235
21 Қыркүйек 2023
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов Қор компаниялары тобында қызмет ететін жас мамандармен Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысты кездесу өткізді. Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев пен Президенттік жастар кадрлық резерві өкілдері қатысты.

Нұрлан Жақыпов басқарушы лауазымдардағы мықты мамандардың пулын қалыптастыруда Президенттік жастар кадрлық резервінің маңызды екенін ерекше атап өтті. «Қордың және портфельдік компаниялардың кадр саясаты басшылық лауазымдарға үміткерлерді қарау кезінде ПЖКР бағдарламасына қатысқанын міндетті түрде ескереді. Егер бәсекелестікте артықшылыққа ие болғыңыз келсе, онда сіз де кадрлық резервке қатысыңыз. Бұл - біліктіліктің белгісі», - деді «Самұрық-Қазына» Қорының басшысы.
Қор компаниялары тобында қазіргі уақытта 36 ПЖКР мүшесі қызмет етіп жатыр. Олардың сегізі Қордың өзінде жұмыс істесе, екеуі басқарушы директорлар қызметін атқарады. Бірі – Ернат Бердіғұлов, екіншісі – Ғибрат Ауғанов.

Жиында «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек мәселелері және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Президенттік жастар кадрлық резервіне қалай қатысқанын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. «Ол кезде 13 мың үміткерден тек 300-дей адам ғана кадрлық резервке өтті. Іріктеудің әр кезеңінде қиындықтар болды. Бір айтарым, бірден жоғары лауазымдарға тағайындаламын деп күтпеу керек. Дегенмен Президентіміз осы жобаны ашу арқылы, жастарға үлкен мүмкіндік берді. Сондықтан, бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керек», - деді Ауғанов.
«Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобында 35 жасқа дейінгі 80 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қордың орталық аппаратында 51 жас маман Президенттік жастар кадрлық резервінің талаптарына сай келеді.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...