«Самұрық-Қазына» мен «ЭксонМобил Қазақстан» ынтымақтастығын кеңейтуде
2847
22 Қыркүйек 2023
Бүгін Қор басшылығы Қазақстандағы ЭксонМобил басқарушы директоры Сесиль Ролинмен кездесу өткізді. Тараптар Теңіз, Солтүстік Каспий жобаларының іске асырылу барысын және Каспий құбыр консорциумын пайдалану мәселелерін талқылады. Сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

«ЭксонМобил – біздің бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесіміз, еліміздің мұнай-газ саласындағы ірі инвесторлардың бірі. «Самұрық-Қазына»қоры ЭксонМобилдің үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзінің адалдығын білдіреді», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
Анықтама үшін: «ЭксонМобил» - энергетика және мұнай-химия өнеркәсібі секторында көшбасшы орын алатын ірі халықаралық мұнай-газ компаниясы. Компания Қазақстанда өз қызметін 1993 жылы бастады, Республикадағы мұнай жобаларына алғашқы ірі инвесторлардың бірі болды. Компанияның: • Теңіз кен орнын игеретін «Теңізшевройл» ЖШС-ға қатысу үлесі - 25%; • Қашаған кен орнын қамтитын Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде - 16,81%; • Каспий құбыр консорциумында - 7,5%.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...