«Самұрық-Қазына» басшысы қазмырыш басшылығымен кездесті
3298
25 Қыркүйек 2023
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Николай Поповичпен және «Қазмырыш» ЖШС-ның Бас директоры Александр Хмелевпен кездесті.
Қордың портфельдік компаниясы – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ 2013 жылдан бері «Қазмырыш» ЖШС-ның 29,82% үлесін иеленеді, бұл ретте мажоритарлық үлесі швейцариялық «Glencore» компаниясына тиесілі.
«Қазмырыш» - Қазақстанның түсті металлургия көшбасшыларының бірі және Қор құрылымындағы маңызды актив. Компания мыс, бағалы металдар және қорғасын өндірісінің үлкен үлесі бар ірі интеграцияланған мырыш өндірушісі болып табылады.
Тараптар тау-кен металлургия секторындағы әлемдік трендтерді талқылап, «Қазмырыш» қызметін дамыту бойынша ұсыныстармен алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын зерделеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...
{{ $t('messages.news1') }}
«Ақтас Энерджи» ЖШС мен Marubeni Corporation арасында негіздемелік кел...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Өңірлік экологиялық саммит аяс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» донор күні өтті