Самрук-Қазына мен ÖBB-holding ынтымақтастық перспективаларын талқылайды
4065
26 Қыркүйек 2023
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Қор басшылығы ÖBB-Holding(Австрия темір жолдары) Басқарма төрағасы Андреас Маттамен кездесті.
Тараптар транзиттік жолдарды дамытудың қазіргі трендтерін талқылады. Қор басшысы хабарлағандай, еуропалық серіктестер тарапынан Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздеріне, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутына асақызығушылық байқалады.
Перспективалы бағыттар арасында екі холдингтің логистикалық операторлары – «Rail Cargo Group» пен «KTZ Express» арасындағы ынтымақтастық мүмкіндігі атап өтілді.
Астана қаласында қазан айының басында өтетін «New Silk Way» VI халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы кезінде осы мәселелерді одан әрі талқылау жоспарланған.
Анықтама үшін: Österreichische Bundesbahnen (ÖBB) - Австрия мемлекеттік теміржол компаниясы және Лихтенштейн теміржолының әкімшісі. ÖBB тобы инфрақұрылымды басқаратын және жолаушылар мен жүк тасымалымен айналысатын бірнеше кәсіпорындарға бөлінген.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...