«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 жылғы тұрақты даму саласындағы есебі жарияланды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 жылғы тұрақты даму саласындағы есебі жарияланды

4564

02 Қазан 2023

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) 2016 жылдан бастап жыл сайын, барлық мүдделі тараптарға ашық және айқын ақпарат беру тәжірибесін жалғастыра отырып, Тұрақты даму саласындағы есепті жариялап келеді.

Есеп GRI Standards 2021 тұрақты даму саласындағы есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалды. Оны «Самұрық-Қазына»АҚ Директорлар кеңесі бекітіп, алғаш рет аудиторлық компанияның тәуелсіз куәландыру рәсімінен өтті, бұл Есепте ұсынылған ақпараттың сапасы мен сенімділігіне кепілдік береді.

2022 жылғы «Болашақты бүгіннен бастап құраймыз: тұрақты дамуға арналған инфрақұрылым» есебі Қордың Қазақстанның экономикалық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесіне назар аударып, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі қызмет туралы ақпаратты олардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы тұрғысынан ашып көрсетеді. Есепте экономикалық, экологиялық және әлеуметтік нәтижелілік саласындағы шоғырландырылған көрсеткіштер келтіріледі, мысалы: адами капиталды дамыту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қордың көміртегі ізін азайту жөніндегі бастамалары және басқалар.

Сіз «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 жылғы тұрақты даму саласындағы есебімен біздің сайттан таныса аласыз. Сонымен қатар Есеп алғаш рет https://www.globalreporting.org/ (Жаһандық есеп беру бастамасы)сайтында тіркеліп.

Төменде 2022 жылғы кейбір негізгі көрсеткіштер берілген:

Қордың 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі ESG көрсеткіштері:

Қызметтің қорытындысында 2021 жылмен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккендердің жалпы саны 16%-ға төмендеді (133-тен 111 адамға дейін).

Жұмыскерлерді оқытуға 104,3 млрд теңге инвестиция салынды.

Су тұтыну көлемі 304,1 млн м3 (2021 жылғы деңгейден -0,6%) болды. Бұл ретте тұщы судың үлесіне жалпы су тұтынудың 67,4%-ы келеді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қор Тобы бойынша атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жалпы саны 608,7 мың тонна болды, бұл 2021 жылғы деңгейден 1,1%-ға төмен.  Қор қондырғыларында отынды жағу нәтижесінде пайда болатын СО2 (көмірқышқыл газы) тікелей шығарындылары 2021 жылғы деңгейден 1,1%-ға қысқарды, бұл парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі бірқатар бастамалардың нәтижесі.