«Самұрық-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ энергетикалық нысандарының қысқа дайындығы туралы айтты

«Самұрық-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ энергетикалық  нысандарының қысқа дайындығы туралы айтты

4948

05 Қазан 2023

​Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Қорында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Іс-шара «Самұрық-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ-ның жылумен жабдықтау объектілерінің, желілердің және электр энергетикалық инфрақұрылымның күзгі-қысқы кезеңге дайындығына арналды.

​«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов 2023 жылғы Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2, Алматы ЖЭО жөндеу науқанының барысы туралы айтып, «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық объектілеріндегі инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндады. Биыл Алматы энергетикалық кешеніндегі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бойынша ауқымды жөндеу жоспарланған еді. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар 100%-ға аяқталды. Компанияға қарасты жылу станцияларының қоймаларындағы көмірдің жиынтық қоры 791,5 мың тонна, яғни нормативтік қоры қамтамасыз етілген. «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының электр энергиясын өндіру көлемі 2023 жылдың 8 айында 23 млрд кВт/сағ, яғни жоспардың 101%-ын құрады. Жылу энергиясын босату 4,0 млн Гкал. Электр энергиясын беру көлемі («АЖК» АҚ) 5,7 млрд. кВт/сағ. Көмір сату көлемі («Богатырь Көмір» ЖШС) - 27,7 млн тонна. Осылайша, барлық көрсеткіштер жоспарлы мөлшерден артығымен орындалған.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1w)ww_0001_Layer 2_0002_Layer 2.jpg


​Ал KEGOC биыл 574 нысанда 2,5 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстарын орындауды жоспарлаған. 2023 жылдың 9 айында 485 нысанға жөндеу жүргізілді, бұл жылдық жоспардың 84%-ы. Кестеге сәйкес қосалқы станциялардың желілері мен жабдықтары бойынша жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады, ал қараша-желтоқсан айларында ғимараттар, құрылыстар және көліктер бойынша жұмыстар аяқталады. КҚК дайындық паспорты ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін алынады.

​2019 жылға дейін компания Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту жобасын 2-кезеңін аяқтады. 67 электр қосалқы станциясы жаңғыртылды, сондай-ақ релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика құралдары 100% ауыстырылды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда электр қосалқы станциялары жабдықтарының 80% -дан астамы ауыстырылды. «KEGOC» АҚ Ұлттық электр торабын дамыту жұмыстарын жалғастыруда. 2023 жылдың соңына дейін екі жоба бойынша жұмыстар аяқталады: «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» және «ҚР БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу». Сонымен қатар, Компания кестеге сай «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасын іске асыруға кірісті.

jjij.jpg


Жиын соңында Болат Жәмішев компанияларға бірқатар ұсыныстар айтты. Сондай-ақ мұндай жиындардың маңызын атап өтті. «Біз Қоғамдық Кеңесті электр энергиясы саласында барлығы жақсы деп айту үшін жинаған жоқпыз. Біздің мақсатымыз - кәсіби сарапшылармен бірге «Самұрық-Қазына» мен оның еншілес ұйымдарының қызметіндегі осындай маңызды мәселелерді талқылап, БАҚ өкілдері арқылы оларды халыққа тарату, яғни Қорда қандай жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізу», - деді Қоғамдық Кеңес төрағасы.