«Самұрық-Қазына» Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында қытайлық компаниялармен төрт келісімге қол қойды
1905
17 Қазан 2023
Мемлекет басшысының ҚХР-ға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» қытайлық серіктестермен төрт келісім жасасты. Біріншісі – Қор, China Power International Holding (бұдан әрі – CPIH) және SANY Renewable Energy Co Ltd (бұдан әрі – SANY) Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, оған сәйкес CPIH-пен 1ГВт ЖЭС салынады, ал SANY-мен ЖЭС үшін компоненттер шығаратын зауыт салынады. Екіншісі – CEO Conference алаңында Самұрық-Қазына мен CPIH арасында аталған жел электр станциясы жобасы бойынша бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қою жоспарланып жатыр. Үшіншісі –Самұрық-Қазына мен SANY жел қондырғыларына арналған компоненттер бойынша жоғарыда көрсетілген зауытқа инвестициялау туралы алдын ала келісімге қол қойды, қазіргі таңда қалақ, гондола және мұнаралар бойынша қуаттарды кезең-кезеңмен іске қосу талқыланып жатыр. Төртіншісі – Қор, ҚР Энергетика министрлігі және China National Petroleum Corporation Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Осы келісімдердің барлығы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесі және Қор мен оның қытайлық серіктестерінің Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға ниеттерін растайды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...