Қазақстан Қытайға ядролық отын жинақтарын жеткізеді
570
16 Қазан 2023
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Янцзы қаласында(Қытай Халық Республикасы) АЭС-те Қазақстаннан шыққан жылу бөлетін жинақтарды қабылдауға қатысты. Тарихи іс-шараның салтанатты рәсіміне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Үлбі-ЖБЖ» ЖШС, China General NuclearPower Group (CGN) және CGNPC Uranium Resources Company Limited (CGNPC-URC) өкілдері қатысты. «Бұл жоба біздің еліміздің жоғары технологиялық өнімдер шығаратындығының және жоғары технологиялық жобаларды іске асыратындығының дәлелі болып табылады. Қазатомөнеркәсіп, ҮМЗ және Үлбі-ЖБЖ компаниялары басшылығының қосқан жеке үлестерін ерекше атап өткім келеді, соның арқасында өндірістік жоспарлар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туды», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
Зауыт құрамында 30 тоннадан астам төмен байытылған уран бар отын топтамасын жеткізді. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында орналасқан Янцзян атом электр станциясында қуаты 1000 МВт болатын CPR-1000 және ACPR-1000 (PWR) реакторлары бар алты энергия блок орнатылды. Инновациялық өндірісті іске қосу Қазақстанға атом станцияларына ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобына кіруге мүмкіндік берді. «Үлбі-ЖБЖ» зауытында 20 жылға кепілді өткізу нарығы бар.
2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Үлбі металлургия зауытының базасында АЭС-ке жоғары технологиялық ядролық отын - жылу бөлетін жинақтар (ЖБЖ) шығаратын «Үлбі-ЖБЖ» ЖШС кәсіпорнын құрды. Өндіріс 2021 жылы қараша айында іске қосылды. Зауыт іске қосылған сәттен бастап толық өндірістік қуатқа шығу - ЖБЖ түрінде 200 тонна уранға жеткізу үшін өндіріс көлемін ұлғайтуда. Бұл көрсеткішке 2024 жылы қол жеткізужоспарланып отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...