KEGOC SPO. Алдын ала шығарылған қорытындылар
845
03 Қараша 2023
2023 жылы 2 қарашада сағат 18:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (Astana International Exchange, AIX) өткізілген KEGOC акцияларын қайта орналастыруға (SPO) қатысу үшін инвесторлардан өтінімдерді қабылдау аяқталды.
Алдын ала шығарылған қорытындылар бойынша сұраныс ұсыныстан 1,5 есе асып түсті.
SPO аясында KEGOC 15 294 118 жай акциясын ұсынды. Бір жай акцияның бағасы - 1482 теңге.
Акцияларды инвесторлар арасында бөлу 2023 жылдың 7 қарашасында аяқталады.
Өтінімдерді қанағаттандыру төмендегі тәртіппен жүзеге асырылатын болады:
1. ҚР азаматтарының өтінімдері бірінші кезекте қанағаттандырылады
2. Басқа инвесторлардың өтінімдері екінші кезекте қанағаттандырылады
3. Бір инвесторда акциялардың көп шоғырлануына әкелуі ықтимал өтінімдер ішінара қанағаттандырылуы немесе қабылданбауы мүмкін.
9 қарашада акциялар инвесторлардың тиісті шоттарына аударылады. AIX алаңында қайталама сауда-саттықтың басталуы 2023 жылғы 10 қарашаға жоспарланған.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...