«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Abu Dhabi Ports тобының төрағасымен кездесті
1176
11 Қаңтар 2024
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Abu Dhabi Ports (ADPG) тобының төрағасы Мохамед Джума Аль-Шамисимен кездесу өткізді.
Тараптар Қордың портфельдік компанияларымен жобаны жүзеге асырудың ағымдағы жұмысын талқылады.
«ҚазМұнайГаз» АҚ мен ADPG-нің теңіз және жағалаудағы жүк тасымалы, танкер және сауда флотын дамыту саласындағы стратегиялық әріптестігі шеңберінде Каспий өңірінде бірлескен кәсіпорын құрылды. Ақтау-Махачкала бағытында 2 мұнай танкері сәтті жүріп жатыр, алдағы уақытта Ақтау-Баку бағытында мұнай тасымалдау жоспарлануда.
Ашық теңіздерде бірлескен танкерлер пулын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 4 Aframax танкерінен тұрады.
Сондай-ақ, Қазақстанда кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорнын құру мүмкіндігі қарастырылуда.
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселелері пысықталуда. Тиісті келісім-шартқа 2023 жылдың желтоқсанында SOR28 Дүниежүзілік Климаттық конференциясында қол қойылды.
Бірлескен қызметтің негізгі бағыттары: баламалы маршруттар бойынша жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру, терминалдарды салуға инвестициялар, цифрлық шешімдерді енгізу, теңіз кемелерімен бірлесіп жұмыс істеу болып айқындалды.
Анықтама: Abu Dhabi Ports 2006 жылы құрылды, содан кейін 2021 жылы бес бөлімшені біріктіретін топқа айналды - цифрлық технологиялар, экономикалық қалалар және еркін аймақтар, логистика, теңіз тасымалы және порттар.
{{ $t('messages.news1') }}
Kazakhstan Finance Day: Нью-Йоркте Қазақстанға инвестиция тарту мәселе...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» еңбек қауіпсіздігі - басты бағыттардың бірі
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның негізгі инвестициялық үйлестірушісі
{{ $t('messages.news1') }}
Жасанды интеллект көмегімен мұнайды қалай өндіреді