​ «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Presight AI компаниясының Басқарма төрағасымен кездесті

​ «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Presight AI компаниясының Басқарма төрағасымен кездесті

1102

12 Қаңтар 2024

Бүгін Әбу-Дабиде «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов Presight AI компаниясының Басқарма төрағасы Томас Прамотедхаммен кездесу өткізді.

Қордың компаниялар тобы Presight AI компаниясымен цифрландыру саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыратынын атап өтеміз.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы желтоқсанда БАӘ-ге сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыра отырып, магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша газ балансын цифрландыру саласында жұмыс жүргізілуде. Жоба газ есебінің транспаренттілігін арттыруға және «QazaqGaz» ҰК» АҚ-да кешенді цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Көлік-логистика секторында, атап айтқанда «KTZ Express» АҚ-да цифрлық технологияларды енгізу мәселелері пысықталуда. Пилоттық жоба аясында теміржол қатынастарын цифрлық диспетчерлеуді және бейне талдау мен IoT құрылғыларын қолдана отырып, жылжымалы құрамдардың қозғалысын интерактивті басқаруды қоса алғанда, цифрлық трансформациялауды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Сондай-ақ, ҚР ЦДИжАӨМ басшылығымен бірлесіп ИТ саласындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын талқылады.

 
Анықтама үшін: Presight AI, жасанды интеллектке негізделген үлкен деректерді талдау саласындағы жетекші компания, G42 тобына кіреді. G-42 тобы – жасанды интеллект пен бұлтты есептеулерге маманданған жаһандық көшбасшы. G42 тобының 2018 жылы құрылған, қызметкерлер саны – 20 мың адам.