«Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпкерлерді импортты алмастыру мәселелері бойынша кеңеске қатысуға шақырады

«Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпкерлерді импортты алмастыру мәселелері бойынша кеңеске қатысуға шақырады

1918

26 Ақпан 2024

«Самұрық-Қазына» АҚ Қор тобының сатып алу қызметінің операторы - «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен бірлесіп бизнес-қауымдастықтарды, қазақстандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ саладағы басқа да мүдделі өнім берушілерді импортты алмастыруды жетілдіру және елішілік құндылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңеске қатысуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 21 ақпанында Астанада топтың сатып алу қызметіне арналған «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Оған Қордың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, портфельдік компаниялардың, бизнес-қауымдастықтардың басшылығы, қоғам және мемлекет қайраткерлері, сарапшылар және басқа да компаниялардың өкілдері қатысты.

sk-press0101ы.jpg


Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» қоры отандық өндірушілерді қолдау және Қор тобының сатып алуларындағы офтейк-келісімшарттардың үлесін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды жариялады.

Сарапшылар мен жұртшылықты Топтың сатып алу процесі, қазақстандық өндірушілерді қолдау, skstore.kz электрондық дүкенінің қызметін кеңейту, кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа шаралары және т.б. қызықтырды.

Отырысқа қатысушылар офтейк-келісімшарттар бағдарламасына үлкен қызығушылық танытқандықтан, 2024 жылдың 5 наурызында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС алаңында бағдарламаны ашық талқылау туралы шешім қабылданды.

Кездесу форматы: онлайн-кеңес

Өткізу күні: 05.03.2024

Өткізу уақыты: сағат 10:00-де.

Онлайн-кеңеске қатысу және тіркелу үшін жіберілген құжатты толтырып, оны office@skc.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Кеңеске қатысу, сондай-ақ тіркеу мәселелері бойынша +7 (7172) 57-02-75 (ішкі. 149, 202) нөмері бойынша хабарласуға болады.