Қорда денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы саласындағы мамандарға арналған семинар өтті
1703
13 Наурыз 2024
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Қор тобының кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын сақтауға ерекше назар аударады.
Бүгін денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы саласындағы мамандарға арналған кеңейтілген семинар өтті.
Іс-шара денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді, сондай-ақ денсаулықтың кенеттен нашарлау жағдайларын азайту, физикалық әл-ауқатты жақсарту, пайдалы әдеттерді қалыптастыру және еншілес компаниялардағы қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыру үшін қабылданатын шараларды талқылау үшін алғаш рет өткізілді.

Семинар барысында Қордың еншілес компаниялары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның өкілдері осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстары жайлы ақпаратпен бөлісті.
Тәуелсіз сарапшы, «AIMED» халықаралық кәсіби даму орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Айгүл Қаптағаева денсаулық сақтау технологияларын енгізу, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және денсаулықты басқару тәжірибесін айтып берді.
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесі жұмысты жетілдіру мақсатында жалғастырылатын болады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» компанияларының 2 мыңнан астам қызметкері экологиялық...
{{ $t('messages.news1') }}
Бір жылда 234 офтейк-келісімшарт: «Самұрық-Қазына» машина жасау саласы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов NEQSOL Holding компаниясының Б...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әзербайжанның Цифрлық даму жән...