5 сәуірде Атырау қаласында Болат Жәмішевтің төрағалық етуімен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

5 сәуірде Атырау қаласында Болат Жәмішевтің төрағалық етуімен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

953

05 Сәуір 2024

Кеңес мүшелері өндіріс нысандарына, соның ішінде полипропилен өндіретін газ-химия зауыты және оның инфрақұрылымына барды.

Бұдан кейін Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда «ҚазМұнайГаз» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның 2023 жылдағы қызметтері туралы есептер тыңдалды. Атап айтқанда, өндірістік және қаржылық көрсеткіштер, инвестициялық жобалар бойынша жұмыс қорытындылары, ұлттық компаниялардың ел экономикасына қосқан үлесі және әлеуметтік жобалар қаралды. Сондай-ақ өңірлерді газдандыру, тарифтер және газ тапшылығы мәселелері талқыланды.

Frame 2.jpg


«2023 жылы «Қазмұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің саны 59 722 адамды құрады. ҚМГ-ның 25 өндірістік кәсіпорнында ұжымдық шарттар (35 түрлі әлеуметтік қолдау) жұмыс істейді, яғни барлық талаптар ҚМГ-ның барлық кәсіпорындарында толық көлемде сақталады. 2023 жылы компания басшылығы проблемалық мәселелерді анықтау және оларды жою бойынша шаралар әзірлеу үшін кәсіподақтармен 50-ден астам кездесу өткізді. Әлеуметтік шиеленіс тәуекелдерін ерте анықтау және алдын алу шаралары кешенінің арқасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында ҚМГ ЕБҰ мен олардың мердігерлік ұйымдарында ереуілдер саны азайды», - деді «ҚМГ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова.

Сонымен қатар, 2023 жылы Жаңаөзенде 2 спорт кешені мен 16 спорт алаңы, Жетібай кентінде 5 спорт алаңы салынды. Оқушылар сарайын салу жоспарланған. Орал қаласында жыл соңына дейін көпфункционалды спорт кешені салынады.

БАӘ-дегі Abu Dhabi Ports нысандарында Маңғыстаудан қазақстандық мамандарды жұмысқа орналастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Мамандарды іріктеу және жіберу процесі басталды.

Frame 2.jpg


Бұдан әрі жұмыс нәтижелері туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов айтып берді.

«Қиындықтарға қарамастан, QazaqGaz компаниясы халық пен ел экономикасын газбен қамтамасыз етіп келеді. 2022-2023 жылдар аралағында 3 мыңнан астам күрделі ақауларды жойды, бұл өз кезегінде күзгі-қысқы кезеңде табиғи газдың сенімді және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етті. Осылайша, газ тасымалдау жүйесінің сенімділігі күшейді. QazaqGaz 2023 жылы газ тасымалдау жүйесін өз қаражаты есебінен жаңғыртып, 400 млрд теңгеден астам сомаға жүйелі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. 2023 жылы еліміздің 11 өңірінде газбен жабдықтау жүйесіне 112 елді мекен қосылды, яғни 213 мың адамның газға қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, өткен жылы компания ішкі нарық үшін газ бағасын 175 млрд теңгеге субсидиялады», - деп атап өтті М Ихсанов.

Айта кетейік, QazaqGaz ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды бастады және 12 млрд доллар көлемінде инвестиция тартып отыр. Бұл Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральдық газ құбырының 2-ші желісі, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыттары, сондай-ақ Ақтөбе-Қостанай МГ. Өзбекстанға газ транзиті бойынша «Газпроммен» серпінді уағдаластықтарға қол жеткізілді, сондай-ақ CNPC/PetroChina-мен 2023-2026 жылдарға арналған жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойылды.

Frame 1.jpgFrame 1.jpg


Сонымен қатар, QazaqGaz сенімді жұмыс беруші ретінде «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің 2023 жылы «Үздік әлеуметтік серіктес» сыйлығына ие болды

Баяндамашылардың кейін Қоғамдық кеңес мүшелері спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

Бұдан әрі қоғам белсенділері «QazaqGaz» ҰК» АҚ негізгі өндіріс нысандарын тексеруді жалғастырды. Сондай-ақ, Қашаған газ өңдеу зауытына және Сығымдау компрессорлық станциясына бару жоспарланған. Бұл кеңес мүшелеріне газ өңдеу және тасымалдау процестерінің ауқымы мен технологиялық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.