Қазақстандағы су тасқыны: «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қандай көмектер көрсетуде

Қазақстандағы су тасқыны: «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қандай көмектер көрсетуде

734

17 Сәуір 2024

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы тасқынның салдарын жою үшін 15 млрд теңге бөлді. Сонымен қатар авиабилеттердің құны бекітілді – су тасқыны кезінде баға 40 мың теңгеден асырылмайды.

«Самұрық-Қазына» қоры тасқаннан зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге бөлді. Бұл қатарда Қордың корпоративтік орталығы, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром», «Қазақстан темір жолы», QazaqGaz, KEGOC, «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» компаниялары бар.

Бұған қоса, Қордың қызметкерлері өз еріктерімен қаражат жинастырып, гуманитарлық көмектер ұйымдастыруда. Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстарына, зақым келген нысандар мен тұрғын үйлердің инфрақұрылымын жөндеуге белсенді көмектесуде.

«Қорға қарасты авиакомпанияларда билеттердің құнын төмендету үшін арнайы тариф енгізілді. Бұл тасқын суға тап болған өңірлерден көптеген қазақстандықтарды қауіпсіз аймақтарға шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін «Эйр Астана» компаниясы 33 қосымша рейс және «Qazaq Air» компаниясы 2 қосымша рейс ұйымдастырды», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Айта кетейік, авиакомпаниялар сұраныстың артуына қарамастан тарифтердің құнын көтерген жоқ, керісінше, 13-24 сәуір аралығында Атыраудан ұшатын тікелей рейстерге арнайы тариф енгізді. «Эйр Астана» және FlyArystan «эконом» класты бір бағыттағы билеттерінің құны 40 мың теңгені құрайды. Qazaq Air компаниясында 24 сәуірге дейін су тасқынына тап болған өңірлер үшін барлық бағыт бойынша авиабилеттердің құны 40 мың теңгеден асырылмайды.

2201.jpg


«Эйр Астана» және FlyArystan су тасқыны басталғалы бері 60 тоннадан астам гуманитарлық жүкті тегін жеткізді, ақшалай есептегенда ондаған миллион теңгеге жуықтайды.

Сонымен қатар, табиғи апатпен күресу үшін Қор қажетті техникалар мен адам күшін ұсынды. Компаниялар тобынан 25 мыңнан астам адам көмектесу жұмыстарына жұмылдырылып, 865 бірлік техника және 414 тонна ЖЖМ бөлінді.

Штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ету үшін 45 шайып кетуге қарсы және 47 өрт сөндіру поездары ұйымдастырылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстанның басқа өңірлерінен су басу аймақтарына қажетті техникаларды жедел жеткізу үшін арнайы вагондар бөлді.

Бұл ретте теміржол транспорты арқылы жалпы саны 22 мыңға жуық адам тасымалданды, оның ішінде 12 мың адам ҚТЖ есебінен тегін жеткізілді. Тасқын кезінде теміржол билеттерінің құны көтерілген жоқ және сол деңгейінде қалғанын атап өткен жөн.

Мәселен, Орал – Қызылорда және Атырау – Алматы бағыттары бойынша купе вагондарына билет құны – 13 915 теңге, плацкарт – 9 216 теңге. «Атырау – Астана» бағыттарындағы купеге билет құны 18 114 теңге және плацкар 11 898 теңге.