«Самұрық-Қазына» АҚ отандық өндірушілер үшін сатып алу ережелерін өзгертуді жалғастырады

«Самұрық-Қазына» АҚ отандық өндірушілер үшін сатып алу ережелерін өзгертуді жалғастырады

275

19 Сәуір 2024

2024 жылғы 19 сәуірде «Самұрық-Қазына» қоры алаңында мемлекеттік органдар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қордың портфельдік компаниялары, бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің, қазақстандық өндірушілер мен сарапшылардың қатысуымен Сатып алу тәртібін жетілдіру мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

5353501.jpg


Кеңесте 2024 жылғы 5 сәуірде Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген отандық тауар өндірушілерді қолдауға, сатып алуды жеңілдетуге және сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін оңтайландыруға бағытталған Сатып алу тәртібіне енгізілген өзгерістер, оның ішінде:

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігерлерінің отандық өндірістің тауарын сатып алу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілігін күшейту;

2) Қор тобының компаниялары сатып алатын жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің отандық өндірушілерден тауарларды міндетті сатып алуы;

3) шағын және орта бизнес субъектілеріне (отандық өндірушілерге басымдықпен) Қордың сатып алуларына қол жеткізуді жеңілдету үшін skstore.kz электрондық дүкені арқылы сатып алудың шекті сомасын 4 мыңнан 20 мың АЕК-ке (74 млн теңге) дейін ұлғайту;

4) сатып алуға қатысушылардың техникалық ерекшелікті, электрондық шот-фактураларды ұсынуы, тендерлік өтінімді қамтамасыз ету және т.б. сияқты бірқатар процестерді автоматтандыру арқылы өнім берушілердің Қордың сатып алуына қатысу рәсімін оңай ету талқыланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Тәртіп Самұрық-Қазына zakup.sk.kz сатып алу порталында https://zakup.sk.kz/#/ext/regulation сілтемесі бойынша орналастырылған.

Сондай-ақ ішкі нарықта өнім тапшылығы болған жағдайда 20 жылға дейінгі офтейк-шарттар жасасу мүмкіндігін көздейтін Жаңа өндірістерді құру жөніндегі бағдарламаның жаңашыл тұстары талқыланды. Сонымен қатар Импортты алмастыруға арналған тауарлар пулы жалпы сомасы 966 млрд теңгеге 7 754 позицияға дейін кеңейтілді. Осы орайда келiсiмшартты жасасу кезiнде өзгерiстермен өндiрушiлерге, оның iшiнде өз өндiрiсiнiң айналасында шағын бизнес белдеуiн құру жөнiндегi iрi кәсiпорындарға қатысты қарсы мiндеттемелер белгiлеу мүмкiндiгi көзделген.

5353503.jpg


Айта кетейік, 2018-2024 жылдарға арналған бағдарлама аясында Қордың жалпы сомасы 128,5 млрд теңгеге 531 офтейк-келісімшарт жасалды.

Биыл портфельдік компаниялардың басшылары үшін мұндай келісімшарттардың үлесін сатып алудың жалпы көлемінің кемінде 10% деңгейінде ұлғайту бойынша ҚТК белгіленді.

Қордың қорытындысында жауапты тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі одан арғы жұмыс жаңа өндірістерді құру жөніндегі Жобалу офис базасында жалғастырылатыны атап өтілді. Бұл алаң бизнестің сатып алуларға қатысу мәселелерін талқылауға арналған.

Жауапты тұлғаның байланыс деректері: «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Импортты алмастыру, тізілімдер және жергілікті қамтуды дамыту департаментінің директоры Нұрлан Сәкенұлы Шәріпов, +7 (717) 257-50-74, n.sharipov@skc.kz.