«Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары» стейкхолдерлер форумы өтті

«Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары» стейкхолдерлер форумы өтті

1136

29 Мамыр 2024

28 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасында АЭС салу жөніндегі жобаның бірінші стейкхолдерлер форумы өтті. Ұйымдастырушы – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС.

Форумның негізгі міндеті – Қазақстанның ядролық бағдарламасын дамытуға қатысатын мүдделі тараптарды бір алаңда біріктіру.

Жиында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Ғұмар Серғазин мен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин кіріспе сөз сөйледі. Спикерлер бұл іс шара мүдделі тараптардың кең ауқымы арасындағы өзара сенімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын, өзара бірлескен іс-қимыл Қазақстанның ядролық-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда ажырамас бөлік болып табылатынын атап өтті.

image 18.jpg


Форумда Қазақстандағы энергетиканың қазіргі жағдайы, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі атом энергетикасының рөлі, атом энергетикасының әлеуметтік салаға әсері, атом энергетикасы және экология сияқты тақырыптарды қамту жоспарлануда.

Іс-шараға стейкхолдерлер қатарына кіретін түрлі салалар мен бағыттардағы өкілдер шақырылды: Үкімет, ұлттық компаниялар, азаматтық сектор, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық, бизнес, жергілікті халықтың көшбасшылары, жоғары оқу орындары, технологиялар мен білім берушілер және атом саласының қызметкерлері.

Аталған Форум Қазақстан Республикасының атом энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды.