Charity Samruk Marathon 2024: қазақстандықтар ерекше балаларға арналған жобаларға 125 млн теңге жинады
637
01 Маусым 2024
1 маусым күні Астана Триатлон паркінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялартобының «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафоны өтті. Барлық жиналған қаражат әлеуметтік жобаларға, соның ішінде ерекше балаларды қолдауға арналған жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын болады.
Жаппай жүгіруге 1200-ге жуық жүйрік қатысты, олардың басым көпшілігі – «Самұрық-Қазына»АҚ компаниялар тобының қызметкерлері.
Спортшылар екі қашықтыққа жүгірді: 5 шақырымға (әуесқойлар) және 10 шақырымға (кәсіби жүгірушілер).
Бұдан бөлек, 400 метрге және 1 шақырымға 6 жастан асқан 200-ден астам бала жүгіріп келді.
Қор басшысы старт алдында сап түзегенмарафон қатысушыларына сәттілік тілеп, межелеген қашықтықтарды бағындыруға ниетбілдірді.
«Бір айдың көлемінде біз 125 млн теңгеден астам қаражат жинадық, бұл қаражаттың барлығы Астана қаласының мектептері мен балабақшаларында инклюзивті кабинеттерін ашуға жұмсалатын болады. Қаражат жинастыру әлі де жалғасуда.
Бүгін, 1 маусым Балаларды қорғау күні, яғни балаларға қолдау көрсету арқылы бұқаралық жүгіруге әлеуметтік мән беріп отырмыз. Бүгінгі марафон келешек ұрпақтың қамын ойлайтын саналы қазақстандықтардың басын қосқанына қуаныштымын», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Жыл сайын «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан жарты миллионнан астам қазақстандық азаматқа әлеуметтік көмек көрсетіледі. Олардың 97 мыңға жуығы – балалар мен аналар.
Марафон қатысушыларын қолдау үшін олардың отбасы мүшелері де келді, жалпы спорттық шараға барлығы 2 мыңнан астам адам қатысты.
Марафонға дейінгі бір ай бойы жүгіруге ниет білдірген жандар әр сенбі сайын тәжірибелі жаттықтырушымен дайындалған болатын.
Жерлестеріміздің жомарттығының арқасында Қордың қарамағындағы кішкентай бүлдіршіндер жарқын болашаққа, салауатты және бақытты өмір сүруге мүмкіндік алды.
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы ҚХР делегациясымен кездесті