«Самұрық-Қазына» Астана мектептерінде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашады
1331
18 Маусым 2024
Инклюзияны қолдау кабинеттері елорда мектептерінде жаңа оқу жылында ашылады. Кабинеттер «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық шарасынан түскен 125 млн теңгеге жабдықталады.
Ерекше балаларға арналған сыныптар №22, №36, №59, №76, №97 мектептерде ашылады. Мұнда балалардың мамандармен жеке жұмыс істеу аймағы, топтық жұмыс жүргізуге арналған аймақ, емдік-денешынықтыру кабинеті, сенсорлық түсіру кеңістігі болады.
«Үндеуге бей-жай қарамай, өз үлесін қосқан жандарға алғысымды білдіргім келеді. Қор қоғамдағы инклюзияны дамытуды ерекше назарында ұстайды, біз осылайша әр баланың тең білім алуына қол жеткізгіміз келеді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық марафонына 2 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Түскен қаражат балаларға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін Қордың қайырымдылық қоры «Samruk-Kazyna Trust»-қа аударылған болатын.
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы АҚШ-та C5+1 бизнес-конференциясында сөз сөйле...