2 шілдеде Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтеді
2238
21 Маусым 2024
Кеңеске 400-ден астам адам қатысады, бұл қатарда екі елдің ірі бизнес өкілдері бар.
Шара барысында энергетика, өндірістік қауіпсіздік, ШОБ-ты дамыту және логитикаға арналған панелдік сессиялар жоспарланған, сондай-ақ бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделіп отыр.
Кеңес Қазақстан және Қытай бизнес ортасы үшін пікір алмасу алаңына айналмақ, бұған қоса сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруды көздейді.
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов – Қазақстан-қытай іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ал қытайлық тараптан бұл позиция CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасына тиесілі.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл жолы ШЫҰ-на Қазақстан төрағалық етеді.
Кеңес отырысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапарына орайластырылды.
Тіркелу үшін осы сілтемеге өтіңіз.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...