«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті
2288
08 Мамыр 2025
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалатыны айтылды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» Қытайдың жетекші компанияларымен белсенді және табысты жұмыс істеп келеді. Ол қытайлық серіктестерді 29-30 мамыр күндері өтетін Астана халықаралық форумына (AIF) қатысуға шақырды.

Тараптар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жоспарланған сапарын және «С5+Қытай» саммитін талқылады. Өткен жылы Қытай басшысының Астанаға сапары аясында, Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойылды.

Кеңестің кезекті отырысын ШЫҰ аясында Қытайда өткізу жоспарлануда. Бұл кеңес 10 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...