Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры мұнай-газдан бастап байланыс пен көлік саласына дейінгі өндірістік ұжымдардың үздік мамандарын марапаттады.
27
19 Желтоқсан 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ Құрметті атағы берілген жұмысшылар:
• Суат Тайбағаров – «Азиялық газ құбыры» ЖШС компрессор қызметінің технологиялық қондырғыларын жөндеу слесарі;
• Гүлшат Шапқанова – «Интергаз Орталық Азия» АҚ Жаңаөзен желілік-өндірістік басқармасы газ тарату станциясының аға операторы;
• Табылды Ізтілеуов – «Ембімұнайгаз» АҚ Солтүстік Жолдыбай кен орнының мұнай мен газ өндіру цехінің слесарь-жөндеушісі;
• Қанат Серікбаев – «Қазгермұнай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС тауар операторы;
• Василий Верник – «Қазақтелеком» АҚ филиалының желілік байланыс нысандары мен абоненттік құрылғылардың аға электр механигі;
• Сергей Янчук – «Қазақтелеком» АҚ Қостанай филиалы желіні пайдалану департаментінің аға электр механигі;
• Берік Сапин – «Богатырь Көмір» ЖШС-нің Богатырь тиеу-көлік басқармасының жол монтері;
• Абзал Бекназаров – «Қазақстан темір жолы» АҚ Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының электр механигі;
• Нұрлыбек Мұрзабеков – «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалының жол монтері;
• Шынболат Құщанов – «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалы – «Бас есептеу орталығы» шаруашылық қызметі бөлімінің ағаш ұстасы;
• Қанат Ахметов – «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалы – «Әкімшілік басқарма» слесарь-электригі;
• Әділ Файзуллаев – «Қаратау» кенішінің аффинаж өндірісі шебері.
Сонымен қатар, кадр әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосқан портфельдік компаниялардың қызметкерлері де марапатталды.
Марапаттау рәсімі «Самұрық-Қазына» компаниялары тобында Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған салалық конференция аясында өтті.


{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mitsubishi Heavy Industries президентімен кез...
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» ба...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы MUFG Bank басшылығымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы «JOGMEC» басшылығымен кездесті