«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Отыншиев Елжас Мұратұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
740
20 Шілде 2026
Мәскеу физика-техникалық институтының «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу қаласындағы кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.
2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді.
2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.
2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Францияның Orano Group компаниясының басшылығымен кезде...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Моңғолияның ұлттық әл-ауқат қорымен активтерді басқар...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов KEGOC Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ақтөбе қаласындағы дене шынықт...