ҚТЖ Теміржолшылар күнін атап өтті

ҚТЖ Теміржолшылар күнін атап өтті

121

31 Шілде 2026

Астанада теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік шараға сала ардагерлері, қызметкерлер және шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шара аясында «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жетістіктері туралы фильм көрсетіліп, саланың үздік қызметкерлерін мемлекеттік және салалық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов ҚТЖ-ның үздік 10 қызметкеріне «Құрметті теміржолшы» белгісін табыстады.

Image (54).jpeg

Тағы 8 қызметкер салалық наградалармен марапатталды: Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 6 қызметкерге «Құрметті теміржолшы» белгісін, сондай-ақ «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» медалі мен «Ерлігі үшін» төсбелгісін тақты.

«Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев өндірістік және қаржылық көрсеткіштері жоғары 15 кәсіпорынға ауыспалы «Үздік ұжым» туын табыстады.

ҚТЖ жүйесінде 110 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Image (55).jpeg