«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: топ қызметкерлері 14 спорт түрі бойынша бақ сынасуда

«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: топ қызметкерлері 14 спорт түрі бойынша бақ сынасуда

11

08 Тамыз 2026

8–10 тамыз аралығында Астанада XI Спартакиада өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр өңірінен 1 400-ден астам қатысушы жиналды. Спорттық шара «Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Ауқымды спорттық додада Қазақстанның әр өңірінен келген 1 400-ден астам қызметкер бақ сынасады. Олардың басым бөлігі - өндірістік мамандық иелері.

Бағдарламаға спорттың 14 түрі енгізілген. Олардың қатарында волейбол, баскетбол, футзал, жүзу, үстел теннисі, шахмат сияқты топтық және жеке жарыстармен қатар, садақ ату, арқан тарту, т.б. секілді ұлттық спорт түрлері бар.

«Қор үшін спортты дамыту – корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі әрі топтың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыттарының бірі. Біз спорт инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салу арқылы бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдаймыз, қызметкерлеріміз бен ел тұрғындары үшін салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасаймыз», – деді Спартакиаданың ашылу рәсімінде «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.

XI Спартакиада аясында «Таза Қазақстан – Таза Спарта» экологиялық акциясы да өтіп жатыр. Науқан барысында қатысушылар қайта өңдеу үшін пластик бөтелкелерді тапсырады.

WhatsApp Image 2026-08-08 at 15.13.56 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-08-08 at 15.13.56 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-08-08 at 15.13.56 (3).jpegWhatsApp Image 2026-08-08 at 15.13.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-08-08 at 15.13.57 (1).jpeg