«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organization (DCO) ұйымының Бас хатшысы Дима Әл-Яхьямен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organization (DCO) ұйымының Бас хатшысы Дима Әл-Яхьямен кездесті

43

02 Қазан 2026


Кездесу барысында тараптар цифрлық трансформация, цифрлық экономиканы дамыту және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Цифрлық шешімдер, инновациялар және құзыреттерді дамыту салаларындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Кездесу тәжірибе алмасу және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылау алаңы болды.

Digital Cooperation Organization (DCO) – 2020 жылы құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым. DCO цифрлық экономика мен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында мемлекеттерді біріктіреді. Ұйымның штаб-пәтері Эр-Рияд қаласында орналасқан.

джьди.jpg