Нұрлан Жақыпов Зимбабвенің әл-ауқат қорының инвестициялар жөніндегі директорымен кездесті
23
07 Қазан 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Зимбабвенің Mutapa Investment Fund ұлттық әл-ауқат қорының инвестициялар жөніндегі директоры Симбараше Чиньембпен кездесті.
Тараптар екі инвестициялық әл-ауқат қоры арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде мемлекеттік активтерді басқару, инвестициялар және портфельдік басқару салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазынаның» қызметі, оның Қазақстан экономикасындағы рөлі және ұлттық компаниялар портфелін басқару тәсілдері туралы айтты. Корпоративтік басқару, тиімділікті арттыру және жеке капиталды тарту саласындағы тәжірибеге ерекше назар аударылды.
Қордың шетелдік ұлттық әл-ауқат қорларымен институционалдық тәжірибе алмасу бағытында да тәжірибесі бар екені айтылды. Бұған дейін Azerbaijan Investment Holding және Моңғолияның Chinggis Khaan Sovereign Wealth Fund өкілдері «Самұрық-Қазынаның» тәжірибесін зерттеу мақсатында қорға келген еді.
Mutapa Investment Fund — Зимбабвенің ұлттық әл-ауқат қоры. Қор елдің стратегиялық инвестициялық құралы ретінде мемлекеттік компаниялар мен инвестициялар портфелін басқарады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы Оман Сұлтанының Қазақстанға сапары аясында бірқа...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада алғашқы Қазақстан–Оман бизнес-форумы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...