«Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындық бойынша есеп берді
68
09 Қазан 2026
Болат Жәмішевтің төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «KEGOC» және «Самұрық-Энерго» компаниялары 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық нәтижелерін ұсынды.
Қордың басқарушы директоры Бақытжан Таубаевтың айтуынша, еншілес компаниялар өткен жылыту маусымын электр және газбен жабдықтауға қатысты қауіпті жағдайларсыз сәтті өткізді.

Дегенмен, алдағы маусымда электр энергиясын тұтынудың ең жоғары көрсеткіші былтыр қыстағы 17,7 ГВт-пен салыстырғанда 18,2 ГВт-қа дейін өсуі мүмкін.
KEGOC: ұлттық электр желісі жылыту маусымына дайын
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компания Ұлттық электр желісінің 589 нысанында жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын аяқтап, 2 қазанда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық паспортын алғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдағы күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясын тұтыну көлемі 3,4%-ға, ал өндіріс көлемі 3,1%-ға өсуі мүмкін.

Энергетикалық жүйенің оңтүстік аймағында жүктеме ең жоғары деңгейге дейін өседі деп күтіледі. Мұнда электр қуатын тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 5 100 МВт-қа жетуі мүмкін. Бұл өткен маусымдағы деңгейден 700 МВт-қа жоғары. Жоспарланған қуат көздерін іске қосуды ескере отырып, меншікті электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 2 800 МВт болады деп күтіледі. Қуат тапшылығы «Солтүстік–Шығыс–Оңтүстік» транзиті арқылы электр энергиясын жеткізу есебінен өтеледі.
«Самұрық-Энерго» жөндеу науқанын аяқтауға жақын
Топтың энергетикалық нысандарында негізгі жабдықтың 111 бірлігін жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 19 күрделі, 5 кеңейтілген және 87 ағымдағы жөндеу жұмысы бар. Жөндеу жұмыстары энергетикалық блоктарды, қазандықтар, турбиналар, электр беру желілерін, қосалқы станциялар мен жылу желілерін қамтиды. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтов мәлімдеді.
Компания еліміздің энергетика саласын дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның 2035 жылға дейінгі жоспарына сәйкес көзделген 26,4 ГВт жаңа генерацияланатын қуаттың жартысына жуығы «Самұрық-Энерго» үлесіне тиесілі.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық дайындық іс-шараларын уақытылы аяқтап, жылыту маусымы кезінде энергетикалық нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Ұлыбританияның Сауда министрімен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақ-Британ іскерлік кеңесінің V отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Дәуір мұрасы. Тре...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Зимбабвенің әл-ауқат қорының инвестициялар жөніндегі ди...