«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды

«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды

46

13 Қазан 2026

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына орай қорда қызметкерлердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ұжымды мерейтоймен құттықтап, қорды дамытуға және Қазақстан экономикасының негізгі салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қызметкерлердің қосқан үлесін атап өтті.

фыни.jpg

20 жыл ішінде қор мұнай-газ, энергетика, көлік-логистика, мұнай-химия, тау-кен металлургиясы және басқа да салаларда 250-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында 255 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 239 мыңы – өндірістік сала мамандары.

кпци.jpg


Іс-шара аясында қор мен портфельдік компаниялардың 20 қызметкері кәсіби жетістіктері мен ортақ іске қосқан үлесі үшін марапатталды.

прти.jpg