«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге атсалысуда

«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге атсалысуда

58

14 Қазан 2026

Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өткен жылдары өрттен зардап шеккен алқаптарға қарағай көшеттерін отырғызу бойынша экологиялық акция өтті. Оған «Jas Samruk» өңірлік ұйымының белсенділері мен «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының қызметкерлері қатысты.

Жұмыстар «Самұрық-Қазына» тобының атынан Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының қолдауымен жүргізіліп жатыр. 

aqweqweи.jpg

Павлодар облысында 2 млн көшет отырғызу арқылы 450 гектар орман алқабын қалпына келтіру жоспарланған. Отырғызылғаннан кейін көшеттерге күтім жасалып, олардың жерсінуі қадағаланады.

Жоба аясында орман өртін сөндіру станцияларын модульдік ангарлармен жабдықтау көзделген. Бұл ормандарды қорғау инфрақұрылымын нығайтуға, сондай-ақ өрттің алдын алу мен оны жоюға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

zxchyjи.jpg

Ормандарды қалпына келтіру жұмыстары Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік резерватының аумағында да жүргізіліп жатыр. Мұнда 762 гектар жерге 3 млн қарағай көшеті отырғызылуда. 

Екі өңірде барлығы 5 млн көшет егілді: оның 2,5 миллионы биыл көктемде, қалған 2,5 миллионы күзде отырғызылған. Жобалар өрттен зардап шеккен орман алқаптарын қалпына келтіруге және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған.

Бzsdawrqи.jpg